Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында еңбек қатынастары тұрақты

0 23
Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек жанжалдарының алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыс бойынша департаменті басшысы Ғазиз Әмреевтің айтуынша, жыл басынан бері өңір кәсіпорындарында 143 тексеру жүргізіліп, 155 заңбұзушылық анықталған. Нәтижесінде жұмыс берушілерге 82 нұсқама беріліп, 38 әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы шығарылды. Салынған айыппұлдың жалпы құны 8 млн 172 мың теңгені құрады.
Бүгінде облыста еңбек жағдайы тұрақты. Еңбек қатынастарындағы шиеленістер ресми түрде тіркелмеген.
Жиында өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қызметкерлерді міндетті сақтандыру, еңбек шарттарын рәсімдеу, зейнетақы жарналарын аудару және жалақы берешегін өтеу мәселелері де қаралды.
Облыс әкімі жұмыс берушілердің қызметкерлерге лайықты еңбекақы мен қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуі маңызды екенін атап өтті. Жауапты тұлғаларға еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту, жалақы берешегін өтеу және шетел азаматтарын жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындарды бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.