Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі Ғани Біржан №3 мектеп-лицейінде өткен Құрылтай сайлауына қатысты.
Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді азамат ретінде қатысқан өнер иесі Құрылтайдың мән-маңызына тоқталып, оның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.
Сайлау науқандарына үнемі белсенділік танытып жүрген Ғани Әлиұлы бұл жолы да азаматтық ұстанымын білдіріп, маңызды саяси үдеріске атсалысты.