Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады
Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Дүкенбай Ермеков №46 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.
Сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, тұрғындарға өз азаматтық таңдауын жасауға барлық жағдай жасалған. Дауыс берушілердің қатарында аға буын өкілдері де белсенділік танытып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосты.
Дүкенбай Ермековте сайлау учаскесіне келіп, азаматтық парызын орындап, өз дауысын берді. Оның бұл қадамы қоғамның саяси өміріне белсенді араласудың, ел болашағына бейжай қарамаудың және азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі болды.
Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Осындай жауапты сәтте әр азаматтың таңдауы маңызды. Белсенді азаматтық ұстаным мен жауапкершілік – ел болашағын қалыптастырудың негізі.