Тараз қаласындағы №41 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу үшін барлығы 2577 сайлаушы тіркелген.
Олардың қатарында алғаш рет өз таңдауын жасауға мүмкіндік алып отырған 37 жас бар.
Аталған учаскеде мүгедектігі бар азаматтардың да дауыс беруіне барлық жағдай қарастырылған. Атап айтқанда, осы санаттағы 12 сайлаушы үшін арнайы орындар мен қажетті жағдайлар жабдықталған. Бұл әр азаматтың сайлау құқығын кедергісіз жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар денсаулығына немесе өзге де себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтарға да дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл блйынша аталмыш учаскеге 5 адамнан өтініш түскен.
Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері аталған азаматтардың өз таңдауын жасауына барлық қажетті жағдайды қамтамасыз етеді.