№5 мектеп-гимназиясында орналасқан сайлау учаскесінде сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Таңертеңнен бері өз таңдауын жасауға келген тұрғындардың қарасы қалың.
Сайлау учаскесінде көтеріңкі көңіл күй орнаған. Әжелер ансамблі сайлаушыларға арнап ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өз кезегінде тұрғындар сайлау үдерісіне белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды таңдауларын жасауда.