Бүгін елімізде алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Осыған орай Тараздағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының 15 қызметкері өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, №24 сайлау учаскесіне бірге келіп, дауыс берді.
Осылайша, теміржол саласының қызметкерлері бір мезетте өз таңдауларын жасады. Бұл – елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласудың және азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.