Ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқандардың бірі – Құрылтай сайлауы Жамбыл облысында да сәтті басталды. Таңғы сағат 7.00-де Мемлекеттік Әнұранмен ашылған сайлау учаскелерінде өңір тұрғындары өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға белсенді түрде атсалысуда. Бұл – азаматтардың қоғамдық өмірге араласуы мен ел дамуына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам.
Сайлау учаскелері белгіленген уақытта ашылып, дауыс беру үдерісі басталған сәтте Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов Тараз қаласындағы №46 сайлау учаскесінде дауыс берді. Тұрғындарды мемлекеттік маңызды істе азаматтық танытып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
– Облыста 520 сайлау усакесі уақытында өз жұмыстарын бастады. Барлығы талапқа сай жабдықталған, – деді комиссия төрағасы.