Теледебат сауалнамасының нәтижесі белгілі болды

Құрылтай сайлауы алдындағы партиялар командалық теледебатының сауалнама қорытындысы анықталды. Рейтингте «Әділет» партиясы 60,6 пайыз дауыспен көш бастап тұр.
Jibek Joly телеарнасы тікелей эфирі кезінде көрерменге «Қай партия командасының сөзі өтімді?» деген сауал қойылды. Көрермен экранның төменгі жағындағы QR-код арқылы дауыс берді. 2 сағатқа жуық аралықта сауалнамаға 165 153 көрермен қатысқан.
Сауалнаманы «Jibek Joly» телеарнасының тапсырысы бойынша Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізді.
Онлайн дауыс беру сайлау учаскесінде берілетін ресми дауыстың орнын алмастырмайды және сайлауға қатысушы партияның ресми рейтингін білдірмейді. Бұл – көрерменнің командалық телевизиялық дебатқа қатысқан партия өкілдерінің жауабы мен белсенділігіне берілген дербес баға.