Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Мұхтар Тілдәбекұлы Тараз қаласындағы бірқатар сайлау учаскесінің сайлауға дайындығын тексеріп, учаскелердегі ұйымдастыру жұмыстарының барысымен танысты.
Атап айтқанда, комиссиясы төрағасының орынбасары №58 сайлау учаскесінде учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесіп, сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ сайлау учаскесінің материалдық-техникалық дайындығына, комиссия мүшелерінің әзірлігіне және сайлау- шылар үшін қолайлы жағдай жасауға назар аударды.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы