Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Әділет» білімді цифрландыруды неден бастайды? Партия Жамбыл облысы тұрғындарымен кездесті

0 49

Жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу, ауыл мектептерін дамыту және цифрлық сауаттылықты арттыру – «Әділет» партиясының Жамбыл облысында өткен кездесулерінде таныстырылған білім саласындағы негізгі басымдықтар болды. Республикалық сайлауалды штаб өкілдері өңір тұрғындарына «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасының білім мен цифрландыруға қатысты бағыттарын түсіндірді.
Кездесу барысында білім саласының ардагері Жәмилә Бекбатырова ауыл мектептеріндегі педагог тапшылығы мәселесін көтерді. Оның айтуынша, әсіресе шағын жинақты мектептерде білікті мұғалімдердің жетіспеуі білім сапасына кері әсерін тигізіп отыр.
Партия өкілдері бұл мәселені кешенді түрде шешу қажет екенін айтып, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту, жаңа педагог кадрларын даярлау және цифрлық технологияларды енгізу бағыттарын ұсынды.
«Сайлауалды бағдарламада балабақшаларда 79 мың, мектептерде 300 мың жаңа орын ашу көзделген», – дейді депутаттыққа кандидат Динара Зәкиева.
Сонымен бірге тірек ауыл мектептерінің желісін құру, инженерлік, математикалық, IT және гуманитарлық мектептер ашу көзделген.

Бағдарламада «Дипломмен – ауылға!» жобасын одан әрі дамыту, ауыл мұғалімдерін ынталандыру және бірнеше сабақтас пәнді қатар оқыта алатын педагогтер даярлау да қамтылған.
Партия төрағасы Айбек Дәдебай білім саласын цифрлық технологияларсыз дамыту мүмкін емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, оқу бағдарламасына жасанды интеллект негіздері мен алгоритмдік ойлауды енгізу ұсынылған.
Бұл бастаманы ұлттық теледебатта депутаттыққа кандидат Рауан Кенжеханұлы да қолдап, 160 мың мұғалімнің ChatGPT Edu сервисіне қосылғанын еске салды. Оның пікірінше, цифрлық көмекшілер мұғалімдердің уақытын үнемдеп, әр оқушының қабілеті мен қажеттілігіне қарай оқытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар партия барлық елді мекенді кеңжолақты интернетпен қамтуды, шалғай ауылдарда спутниктік байланысты дамытуды және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруды ұсынады.
Құрылтай депутаттығына кандидат Бағдат Мусиннің айтуынша, бағдарламалау, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық кәсіпкерлік бағыттары бойынша практикалық оқыту кеңейтіледі. Бұдан бөлек, жастарға, жұмыссыздарға, көпбалалы аналарға, зейнеткерлер мен кәсіпкерлерге арналған тегін цифрлық сауаттылық курстарының ауқымын ұлғайту жоспарланған.
«Сондай-ақ мектептер мен колледждерде бағдарламалау, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық кәсіпкерлік бағыттары бойынша практикалық оқытуды кеңейтуді ұсынамыз. Бұдан бөлек, шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен және тұрақты мобильді байланыспен қамтамасыз ету де басым міндеттердің бірі болады», – деді ол.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.