«Әділет» партиясы жаңа жұмыс орындарын ашуға уәде берді
«Әділет» партиясы қазақстандықтарға жеңілдетілген несие беруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға уәде берді. Бұл туралы пікірсайыста партия өкілі Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді.
Оның айтуынша, алдағы бес жылда партия 1 миллион жаңа жұмыс орнын ашуды, ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беруді, халықтың баспанамен қамтылуын арттыруды, сондай-ақ елдің азық-түлік және энергетикалық тұрғыдағы өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін көтеруді көздейді.