Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жылу желілерін жаңғырту жұмыстары бақылауда

0 60

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қаладағы жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын көрді.

Алдымен шаһар басшысы ТК-128 ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғыр- ту жұмыстарын көріп, жауапты мамандардың есебін тыңдады. Мұнда жер қазу, ескі құбырларды бөлшектеу және жаңа құбырларды монтаждау жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Одан кейін қала әкімі М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту нысанына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Бүгінде бірқатар учаскеде құбырларды ауыстыру, гидравликалық сынақтан өткізу, абаттандыру және жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ шаһар басшысы «Самал» және «Алатау» шағын аудандарындағы орамішілік жылу желілерін қайта жаңғыр- ту жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жобалар аясында тозығы жеткен жылу желілері кезең-кезеңімен жаңартылып, тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі инженерлік желілер ауыстырылуда.
Нысандарды аралау барысында қала әкімі мердігер ұйымдардың, «Таразтрансэнерго» МКК және Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндірістік кестеден кешіктірмей жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ барлық жоспарланған жұмыстарды 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін сапалы әрі толық аяқтап, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қатаң бақылауға алуды міндеттеді.

Құрбанәлі ШАХАБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.