Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда

0 52

Тараз қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Рейдке қала әкімдігі, Жібек жолы және Әулиеата аудандары әкімдіктерінің өкілдері, полиция басқармасы, Жастар ресурстық орталығы мен білім бөлімінің мамандары жұмылдырылды.
Шара барысында компьютерлік клубтар, ойын-сауық орындары және өзге де қоғамдық орындар тексеріліп, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталды.
Рейд қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес 32 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Мұндай профилактикалық шаралардың мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Жас ұрпақтың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.