Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті

0 57

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ұзақ мерзімді халықаралық байқаушылар миссиясының өкілдерімен ресми кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысымен таныстыру, өңірде атқарылып жатқан ұйымдас- тыру жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат алмасу, сондай-ақ халықаралық байқаушылардың сайлау процесін бақылауға қатысты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.
Басқосу барысында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов өңірдегі сайлау нау- қанына дайындық жұмыстарының негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, сайлау комиссия- ларының қызметін ұйымдастыру, төмен тұрған аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіру, сайлау процесіне қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық мәлімет берді.
Сонымен қатар сайлау процесі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қау- лысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кезең-кезеңмен жүріп жатқанын және сайлау науқаны заң талаптарына сәйкес ашықтық және жариялылық қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылып жатқанын айтты.
Сайлау комиссияларының барлық қызметі Қазақстан Респуб- ликасының Конституциясы мен сайлау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылып, сайлау процесінің әр кезеңінде заңдылықтың сақталуына ерекше назар аударылып отырғаны атап өтілді.
Кездесу барысында халықаралық байқаушыларды қызықтырған бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібі, сайлаушылар тізімдерін нақтылау, дауыс беру күніне дайындық, сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру құқықтарын іске асыру үшін жасалып жатқан жағдайлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен және байқау- шылармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушылары өңірдегі сайлауалды дайындық жұмыстарының барысына қызығушылық танытып, халықаралық байқау миссиясының негізгі міндеттері туралы баяндады. Олар сайлау нау- қанының барлық кезеңін, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын бағалауға ерекше мән беретінін жеткізді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Облыстық сайлау комиссиясы сайлау науқаны барысында өзара ақпарат алмасуды жалғастыруға, халықаралық байқаушылардың қызметіне қажетті жағдай жасауға және сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.