Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімімен жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

0 42

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, сондай-ақ, 14 аталған Басқармаларға бағынысты мекемелерде қаржылық есептілік аудиті жүргізілді.
Жүргізілген қаржылық есептілік аудиті нәтижелері бойынша жалпы сомасы 6 715,0 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 5 747,9 млн теңгесі қаржылық бұзушылықтар, оның 5,3 млн теңгесі бюджетке өтелуге жатады (5,3 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 100 пайызды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 5 742,6 млн теңге (бухгалтерлік есеп көрінісмен қалпына келтірілгені – 5 741,6 млн теңге және мекеме шотына құю арқылы қалпына келтірілгені 1,0 млн теңге, яғни 100 пайызды құрайды), 967,1 млн теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 8 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 лауазымды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 238-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, жалпы сомасы 2 378,8 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, бюджетке толық өндірілді.
Департаментпен қаржылық есептілік аудитін жүргізу барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп жүргізуінде бухгалтерлік операцияларды уақтылы есепке алмау, активтер мен міндеттемелерді, табыстар мен шығындары есепте дұрыс танымау т.с.с кемшіліктер орын алған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамыр- дағы № 223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 22 тармағына сәйкес, өздерінің есептік ақпараттық жүйесінен күн сайын интеграциялық сервистер арқылы бухгалтерлік операциялар бойынша БО БДҚ-ға деректерді беруді жүзеге асырады талаптары сақталмайды.
Сондай-ақ Қағидалардың 3 тармағы 35) тармақшасының талаптары сақталмай, яғни бухгалтерлік есеп әдісі болып танылған есептеу әдісі қатаң сақталмайды, яғни операциялар мен оқиғалар орын алған есепті кезеңдегі (ақшалай қаражаты мен олардың баламаларының нақты түсімі мен төлеміне байланысты емес) оларды жасау фактісі бойынша уақтылы танылмайды.
Мекемелермен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік арасында интеграция қатаң сақталмайды. Аталған бұзушылықтар қаржылық есептіліктің анықтығына, қаржылық жай-күйіне кері әсер етеді.
Яғни, Мекемелер басшылығы тарапынан, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамалар талаптарын қатаң басшылыққа алу қажеттігін көрсетеді.
Бүгінгі таңға, қаржылық есептілік аудиті қорытындысы бойынша берілген Департаменттің ұсынымдары мен анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалары толық орындалып, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер жойылған.

М.Егембердиев,
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.