Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық боксшы Бибарыс Әшірбай Азия чемпионы атанды

0 16
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені Жамбыл облысының тумасы Бибарыс Әшірбай салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

U19 санатында 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бибарыс финалда Жапония өкілі Кунимитцу Хонжомен кездесіп, жекпе-жек бойы айқын басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы тағы үш күміс жүлдеге ие болды:

Ақжүрек Қалабай (65 кг, U19) – финалда Оңтүстік Корея спортшысы Даехо Кангқа 2:3 есебімен есе жіберіп, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Әділ Асқанбай (50 кг, U19) – шешуші кездесуде Өзбекстан өкілі Уткизбек Нозкосимовқа жол беріп, күміс медаль жеңіп алды.

Тимур Тайбеков (80 кг, U19) – финалда өзбекстандық Аброрбек Шариповпен тартысты жекпе-жек өткізіп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.