Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Өз-өзіне қол жұмсау – тығырықтан шығар жол емес

0 29

Қазіргі қоғамда ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі – өз-өзіне қол жұмсаудың таралуы. Бұл – философиялық, психологиялық, әлеуметтік, моральдық, құқықтық және медициналық аспектілерді қамтитын өте күрделі құбылыс.

Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер өлімі деңгейінің өсуі ерекше алаңдатуда. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылдың өткен кезеңінде Жамбыл облысы аумағында кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында өз-өзіне қол салудың 10 фактісі тіркелген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (8 жағдай) 25пайызға артық болып отыр. Сондай-ақ биыл өз-өзіне қол жұмсауға оқталу әрекетінің 1 жағдайы тіркелді. Бұл 2025 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда (5 жағдай) 80 пайызға төмен.
Қалыптасып отырған жағдайда өз-өзіне қол жұмсау мінез-құлығының психологиялық алдын алу – мемлекет пен қоғамның басым міндеттерінің бірі.
Осы орайда Қазақстанда тегін психологиялық қолдау көрсететін бірнеше қызмет бар екенін еске саламыз:
– Отбасы, әйелдер мәселелеріне және балалардың құқықтарын қорғауға арналған (тәулік бойы және анонимді түрде жұмыс істейтін) 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы;
– Балалар мен жастарға арналған Жамбыл облысы бойынша біріңғай байланыс орталығы, телефон желісі-109 «психологиялық қолдау және кеңес беру қызметі».

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
Жамбыл облысы бойынша департаменті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.