Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес 2026 жылғы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Конкурстың мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бизнестің үздік әлеуметтік тәжірибесін насихаттау.
Конкурс өңірлік және республикалық екі кезеңде өткізіледі.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
«Үздік ұжымдық шарт»;
«Экологияға қосқан үлесі үшін».
Сонымен қатар, конкурс аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.
Конкурсқа кемінде үш жыл қызметін жүзеге асырып келе жатқан, еңбек заңнамасын сақтайтын, қызметкерлер алдында берешегі жоқ және конкурс талаптарына сәйкес келетін шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуға болады.
Телефон: 8 7262 43 62 38
Әлеуметтік жауапкершілікті басты қағидат ретінде ұстанатын барлық кәсіпкерлерді «Парыз–2026» республикалық конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз!