“Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу” қағидасы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығымен бекітілген.
Үміткер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті осы “электрондық Үкімет” www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында жолдайды.
2026 жылы 27 ақпанда енгізілген өзгерістерге сай, үміткер жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы, мүгедектігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден “электрондық Үкімет” шлюзі арқылы алады.
Сонымен қатар, үміткердің сотталғандығы бар/жоқтығы туралы мәліметі қоса ұысынлады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.
Өтініште мәліметтер толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
Бас тарту электрондық құжат нысанында беріледі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын құжаттар тіркелген уақыттан бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші оның қысқа мәтіндік хабарламаның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы “жеке кабинетке” жіберу арқылы хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Тестілеу операторына аттестаттауға жіберілген тұлғалардың тізімін жолдайды.
Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі.
Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
- Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу – 100 сұрақ:
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен үміткер аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
Енгізілген өзгеріске сай, мүмкіндігі шектеулі адамдарға аттестаттау өту кезінде тиісті арнайы шарттар жасалады, қоса:
1) Тестілеуге белгіленген уақытты ұзарту;
2) Тестілеу кезінде қосымша үзіліс ұсыну;
3) Бағаланатын білім мен дағдылардың мазмұны бойынша артықшылық бермейтін баламалы коммуникациялық құралдарын қоса алғанда, техникалық және (немесе) қосалқы құралдарды пайдалану;
4) Тестілеу орындау процесіне араласпайтын ассистентті (еріп жүретін адамды) жіберу.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт – 120 (жүз жиырма) минут (100 сұрақ), практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт – 60 (алпыс) минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).
Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт – 90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт – 30 (отыз) минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі.
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
Ж.Арыстамбекова,
бас маман