«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім мен тиімді байланыс- ты нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Бұл қағидат мемлекеттік органдардың ашықтығын арттырып қана қоймай, азаматтардың мұң-мұқтажына дер кезінде назар аударып, олардың өтініштері мен ұсыныс- тарына жедел әрі нақты жауап беру мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Бүгінде халықтың талап-тілегін тыңдап, оны шешу жолында нақты жұмыстар атқару мемлекеттік басқарудың басты ұстанымдарының біріне айналды. Сол себепті қазіргі таңда қоғамның дамуы мемлекеттік құрылымдардың тұрғындармен қаншалықты тиімді байланыс орната алуына тікелей байланысты. Азаматтардың күнделікті өмірінде кездесетін әлеуметтік, коммуналдық, инфрақұрылымдық және басқа да мәселелерді шешуде ашық диалогтың маңызы зор. Сондықтан тұрғындарды жеке қабылдау, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және көтерілген мәселелерге заң аясында нақты шешімдер ұсыну – мемлекеттік қызметтің сапасын арттырудың негізгі тетіктерінің бірі болып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты әрбір азаматтың пікірі мен ұсынысының маңызды екенін көрсетеді. Себебі қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде тұрғындардың көзқарасы мен ұсыныстары нақты жағдайды бағалауға және тиімді шешім қабылдауға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, халықтың мемлекеттік инс- титуттарға деген сенімін нығайтады. Бұл бағытта мемлекеттік органдар тарапынан тұрғындармен кері байланысты күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде.
Осыған орай кеше Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында кезекті рет тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй, «Тектұрмас» алабын жарықтандыру, талдарды кесу, «Жеңіс» саябағының тазалығы және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді. Сонымен қатар қоғамдық көліктердің қызметі, зираттарды қоршау, коррекциялық балабақша ашу секілді маңызды мәселелер де назардан тыс қалмады.
Шаһар басшысы өз кезегінде әрбір сауалға нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің барлығы заң аясында өз шешімін табатынын атап айтты.