Тараз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №5100 қаулысына сәйкес, жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы таратылып, комиссия қызметі толықтай тоқтатылды.
«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі 2024 жылдың қаңтар айынан бастап «e-Jambyl» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істеді.
2025 жылғы 1 маусымнан бастап «e-Jambyl» ақпараттық жүйесі Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының автоматтандырылған жұмыс орны (ЖМБМК АЖО) платформасына көшірілді, ал 2025 жылғы 26 маусымнан бастап аталған Жүйе арқылы «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі көрсетілуде.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-2 бап. «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегіндегі жер учаскесіне құқық беру тәртібі» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 17-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік қызметті екі кезең бойынша көрсетеді.
Бірінші кезең:
Сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсатына сәйкес қала құрылысы құжатына сай беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады:
1. мемлекеттік қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркеп, оларды мемлекеттік қызмет көрсетуші басшылығының қарауына жолдайды;
2. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының басшылығы келіп түскен құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарап, оларды сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган), ал аудандық маңызы бар қала әкімі – ауданның сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органына жібереді;
3. сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарап, олар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;
4. сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындау- шысы:
– 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжатына сәйкес сұратылып отыр- ған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындайды;
– жер учаскесін беру мүмкіндігі анықталған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде қолданыстағы инженерлік коммуникациялар көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасын қалыптастырады, ал қажет болған жағдайда инженерлік коммуникацияларды берілетін жер учаскесінің шекарасынан тыс жерге көшіру көзделеді;
– жер учаскесін бөлу схемасы дайындалған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 1-3) тармақшасына, 18-бабының 1-2) тармақшасына және 19-бабының екінші бөлігіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қала әкімі бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға бір мезгілде келісуге жібереді;
– сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкін еместігі анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін бөлудің мүмкін емес себептерін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып негіздеп, дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.
5. келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар жер учаскесін бөлу схемасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық түрде қорытындылар ұсынады.
Табиғи монополия субъектілері инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды қосымша мынадай мерзімдерде ұсынады:
– техникалық және (немесе) технология- лық жағынан күрделі емес объектілер үшін – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
– техникалық және (немесе) технология- лық жағынан күрделі объектілер үшін – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
– сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы қоса берілген техникалық шарттарды беруден дәлелді түрде бас тарту үшін – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Жер учаскесін бөлу схемасын келісу қандай да бір ескертулер мен шарттарсыз жүзеге асырылады.
6. сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы келісуші органдар мен ұйымдардан оң қорытынды келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін бөлу схемасын көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне келісуге жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасын өзіне келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
Көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесін бөлу схемасын келісу мерзімінің өтуі жер учаскесіне құқық беруден дәлелді түрде бас тартуға негіз болып табылады. Мұндай бас тарту сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган тарапынан көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Жер учаскесі құрылыс салу мақсаттары үшін сұратылған жағдайда, табиғи монополия субъектілерінен инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін бөлу схемасына сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалады.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жер учаскесіне құқық беруден дәлелді түрде бас тартуды жолдайды.
Екінші кезең:
Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасын келіскен жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып қабылдауы, сондай-ақ жер учаскесін сатып алу-сату шартын не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (өтеулі) немесе ақысыз жер пайдалану шартын жасасуы – 6 (алты) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
1. сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы келісілген жер учаскесін бөлу схемасы келіп түскеннен кейін оны келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің жобасын дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органына және аудандық маңызы бар қала әкіміне жолдайды.
Жер учаскесі құрылыс салу мақсаттары үшін сұратылған жағдайда, жер учаскесін бөлу схемасына қосымша сәулет-жоспарлау тапсырмасы қоса беріледі;
2. жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі құжаттарды қарайды және олар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;
3. жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы мемлекеттік қызмет көрсетушінің шешімінің жобасын және жер учаскесін сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (өтеулі) не ақысыз жер пайдалану (жалға алу) шартын дайындайды;
4. мемлекеттік қызмет көрсетушінің басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және оған қол қоя- ды.
Жер учаскесіне құқық беру туралы мемлекеттік қызмет көрсетуші шешімінің көшірмесі уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (өтеулі) немесе ақысыз жер пайдалану шартын жасасу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі;
5. жер учаскесіне құқық беру туралы мемлекеттік қызмет көрсетушінің шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған жер учаскесін сатып алу-сату шарты немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (өтеулі) не ақысыз жер пайдалану шарты, сәулет-жоспарлау тапсыр- масы, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар мемлекеттік қызмет көрсетушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;
6. көрсетілетін қызметті алушы хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін сатып алу-сату шартына немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (өтеулі) не ақысыз жер пайдалану шартына қол қояды.
Жер учаскесін сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (өтеулі) не ақысыз жер пайдалану (жалға алу) шартын уақтылы жасаспау не оларды жасасудан бас тарту осындай шартты жасасу мерзімі өткен күннен бастап немесе бас тарту келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің күшін жоюға негіз болып табылады.
Тараз қаласы әкімдігінің
сәулет және қала құрылысы бөлімі