Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Мал жаюға қатысты рейд күшейтілді

0 60

Тараз қаласының Жібек жолы ауданында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қараусыз жайылып жүрген малдарды анықтау бойынша тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Рейд барысында малын бақылаусыз жіберген иелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұлдар салынуда. Осыған байланыс- ты жеке сектор тұрғындарына малдарын қараусыз қалдырмауды, көшелерге, жол бойына, саябақтар мен басқа да қоғамдық орындарға бос жібермеуді ескертеміз.
Мал иелерінен жауапкершілік танытып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қала тазалығын сақтау мақсатында белгіленген талаптарды сақтауды сұраймыз. Рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Тараз қаласының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.