Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тәуелсіз елдің тірегі – белсенді жастар

0 43

Қазіргі жаһандану дәуірінде әрбір мемлекеттің дамуы мен болашағы жастардың білімі мен белсенділігіне негізделеді. Жастар – қоғамның ең белсенді, жаңашыл әрі серпінді бөлігі, ел ертеңінің кепілі.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған сәттен бастап жастарға ерекше көңіл бөлінуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында жастардың әлеуетін тиімді пайдалану, олардың сапалы білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына жағдай жасау мәселесін үнемі басты назарда ұстап келеді. Себебі білімді, білікті, отансүйгіш жастар – ел дамуының басты қозғаушы күші.
Бүгінде елімізде жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту бағыттарында нақты шаралар қолға алынған. Бұл жастардың өз әлеуетін толық ашуына, қоғамда өз орнын табуына және өмірлік мақсаттарына қол жеткізуіне үлкен мүмкіндік екені сөзсіз.
Жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі де аса маңызды. Себебі тек білімді ғана емес, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, патриоттық рухы жоғары жастар ғана мемлекетті алға жетелей алады. Осы орайда мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, ана тілін ардақтау, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дәріптеу – әрбір жастың парызы. Сонымен қатар қазіргі жастардың цифр- лық сауаттылығы мен жаңа технологияларды меңгеруі де – заман талабы. Ақпараттық қоғам жағдайында бәсекеге қабілетті болу үшін жастар үнемі ізденісте болып, білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мемлекет тарапынан бұл бағытта да жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.
Бүгінде Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдас- тыру және жастардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара байланысын нығайту мақсатында жүйелі жұмыс- тар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында жастар саясаты бағытында жалпы саны 715 іс-шара ұйымдас- тырылып, оған 30 000-ға жуық жас қамтылды. Бұл көрсеткіш жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге және қоғам өміріне кеңінен араласуына мүмкіндік беріп отыр.
Жастар арасында өзекті болып отырған мәселелердің бірі – құқықбұзушылық, қылмыс және есірткі мен уытты заттарға тәуелділік. Бұл бағыт бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 55 кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды. Бұл жұмыстар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы заңсыз жарнамалар мен есірткіні насихаттайтын жазбаларды жою бағытында 25 граффити жазуы өшірілді.
Жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу бағытында бірқатар нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылып, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жастар қолдауға ие болды. Жастар ресурстық орталығы мен Мансаптық орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар жастардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруіне және тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік беруде. Атап айтқанда 5 бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтіп, нәтижесінде 24 жас тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жыл басынан бері жастар орталығымен жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мақсатында 35 іс-шара ұйымдастырылып, жалпы саны 1 416 жас жұмыспен қамтылды. Оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасынан – 121, онлайн оқытудан 69 жас өтті. «Жастар тәжірибесі» арқылы – 89 жас, ақылы қоғамдық жұмыспен – 336, әлеуметтік жұмыс орындарына – 7, бос жұмыс орындарына 794 жас орналастырылды.
Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлық сезімін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш отырғызылды. Сонымен қатар 215 жас «Жасыл ел» еңбек жасақтарында қызмет атқарып, Тараз қаласы аумағында тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізіп, қаланың тазалығына өз үлес- терін қосуда. Атап айтқанда 25 экологиялық акция өтіп, 10 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылды.
Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар шеңберінде 9 жоба жүзеге асырылуда. Тараз қаласының әкімі үздік волонтер жастармен арнайы кездесуі өткізілді. Кездесу барысында 3 жасөспірімге бір жылдық оқу гранттары беріліп, 30 белсенді жас алғыс хаттармен марапатталды.
Қорытындылай келе, жастар – еліміздің ең басты байлығы әрі негізгі қозғаушы күші. Олардың білімділігі, белсенділігі, еңбекқорлығы мен отансүйгіштігі Қазақстанның жарқын болашағын айқындайды.

Гүлназ СМАТИЛДАЕВА,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.