ҚР Терроризмге қарсы орталығы штабының жетекшілігімен 2026 жылғы 9 маусымда Тараз қаласында Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб «Найза-Антитеррор-2026» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы