Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Шерхан университетінде жаңа спорт кешені ашылды: жастар спортына тың серпін

0 20

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жаңа спорт кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа нысан студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға бағытталған маңызды жоба болды.

Ашылу рәсіміне Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық «Ауыл» партиясының төрағасы, Аграрлық комитет төрағасы Серік Егізбаев, Мәжіліс депутаты әрі университет құрылтайшысы Ерболат Саурықов және университет ректоры Махметғали Сарыбеков қатысты.

Салтанатты шара барысында жаңа спорт кешенінің мүмкіндіктері таныстырылып, қонақтарға экскурсия ұйымдастырылды. Кешен құрамында заманауи спорт залы, жаттығу бөлмелері және студенттердің спортпен жүйелі айналысуына қажетті барлық жағдай қарастырылған.

Іс-шарада университеттің спорт саласындағы жетістіктері де атап өтілді. Атап айтқанда, оқу орнының қолдауымен құрылған «ASYL» отырып ойнау волейбол командасы республика чемпионы атанып, параволейболдан Ұлттық кубок алғаш рет ұйымдастырылғаны айтылды. Сонымен қатар университет тарапынан «Тараз» волейбол клубына тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.

Шара соңында қатысушылар «Тараз» волейбол клубының көрсетілім ойынын тамашалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.