Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Б.Орынбеков пәкістандық инвесторлармен кездесті

0 80
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пәкістандық «Norson Group» компаниясының директоры Мухаммад Мугал, өкілі Шакил Хан және «FlyCom» мекемесінің директоры Еркінжан Құрақбаевпен кездесу өткізді.
Жиын барысында шаһар басшысы Тараздың экономикалық әлеуетіне кеңінен тоқталды.
– Тараз бүгінде Жамбыл облысының экономикалық өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналып отыр. Бүгінде шаһарда өнеркәсіп, құрылыс, логистика және өңдеу салалары қарқынды дамуда. Өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Өңірімізде химия және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған жалпы ауданы 222,0 гектарды құрайтын бірегей өндірістік алаң – «Тараз» индустриялық аймағы жұмыс істейді. Мұнда жалпы құны 116,5 миллиард теңгенің 25 инвестициялық жобасы іске асырылуда, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.
Инвесторлар да өз кезегінде шаһар аумағында әртүрлі салаларда, атап айтқанда, бояулар мен жабындар өндірісінде, фармацевтикада, сия өндірісінде, пластик және қаптама индустриясын дамытуға ықпал етуге ниетті екендіктерін жеткізді.
Жиынды қорытындылаған шаһар басшысы инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңінде жер телімін бөлу, инженерлік инфрақұрылымға қосылу және әкімшілік рәсімдерді сүйемелдеу мәселелерінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап айтты.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.