Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«AMANAT» уәдені орындап, Жамбыл облысын дамытуда

0 18

«AMANAT» партиясының 2023-2026 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Өңірде 150 млрд теңгеге 16 инвестициялық жоба іске асып, 900-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

«Жер Аманаты» жобасы арқылы 597,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, «Ауыл Аманаты» аясында 9784 жоба қаржыландырылып, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік берілді.

Соңғы үш жылда 94 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 57 елді мекен таза ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар 27 жаңа мектеп, 4 денсаулық сақтау нысаны, 22 спорт нысаны салынып, әлеуметтік инфрақұрылым айтарлықтай нығайтылды.

Бұл нәтижелер «AMANAT» партиясының халыққа берген уәдесін жүйелі түрде орындап жатқанын көрсетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.