Сарысу ауданында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның күкірт қышқылын өндіретін зауытын іске қосу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қатысты.
Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы жаңа өндіріс орны – «ЕвроХим» компаниясының заманауи химия кешенін салуға бағытталған ауқымды инвестициялық жобасының бір бөлігі. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 1 миллиард АҚШ долларына дейін жетеді.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген өңір басшысы өңдеуші өнеркәсіпті дамыту ел экономикасындағы негізгі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қазіргі кезеңдегі ең маңызды міндеттердің бірі – елдің берік өнеркәсіптік негізін қалыптастырып, экономикалық дербес- тікті нығайту екенін айтқан болатын. Сондықтан өңдеуші секторды жедел дамытуға айрықша мән беру қажет. Бұл кәсіпорынның іске қосылуы – инвестицияның, заманауи технологиялардың және өңірдің өндірістік әлеуетінің нақты нәтижеге ұласқанын көрсетеді, – деді Ербол Шырақпайұлы.
«JT»-ақпарат