Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Сан сауалға – нақты жауап

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков Әулиеата тұрғындарымен кездесті

0 76

Кеше Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің Әулие- ата ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті. №67 орта мектепте өткен жиында әуелі аудан басшысы Барлық Төреханов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

– Бүгінде ауданда 5 аумақтық округ орналасқан. Жалпы халық саны 261 813 адамды құрайды. Мұнда 13 шағын аудан, 1 саяжай, 7 елді мекен, 1 231 көпқабатты тұрғын үй, 29 619 жеке тұрғын үй және 642 көше бар.
Халықты сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 22 902 азамат тұр. Осыған байланысты биыл «Балауса» (14) шағынауданында – 22, «Ұлы Дала» (15) шағынауданында – 27, және «Шапағат» (16) шағынауданында 30 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. Сондай-ақ қаланың сәулеттік келбетін жаңарту мақса- тында биыл Абай даңғылы, Ы.Сүлейменов және Желтоқсан көшелерінің бойындағы 9 тұрғын үйдің қасбеті мен шатырын жаңарту жұмыстары қолға алынды, – деген Барлық Әдепқанұлы өзге де салаларда жүзеге асқан ілкімді істерді жіпке тізді.
Мәселен, қазір ауданда жол инфра- құрылымын дамыту бағытында да маңызды жұмыстар атқарылуда. Айталық, ағымдағы жылы 15 жоба аясында 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 6 жоба бойынша 5 көшеде құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар 2025 жылы 18 жоба аясында 115 көше асфальтталып, 6 көшеге 6,59 шақырым тротуар салынды. «Ұлы дала» шағынауданындағы мектептерге апаратын 6,5 шақырымдық жаяу жүргінші жолдары да толық аяқталған.

– Ағымдағы жылы аудан бойынша 21 көше мен 206 ауланы жарықтандырылады. Жалпы ұзындығы 17,2 шақырым болатын бұл жобалар толығымен жүзеге асқан жағдайда аулалар 100 пайыз жарықпен қамтылатын болады. Мәселен, былтыр ауданда 50 көше мен 228 аулаға жарық жүргізілді. Сонымен қатар «Бектөбе», «Қызылшарық» және «Шайқорық» алаптарындағы электр желілерін жаңғырту бағытында да жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бойынша трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделіп, жерасты электр кабельдері ауыстырылуда. Ал 2028-2029 жылдары ұлттық жоба аясында аталған алаптардың электр желілерін толық жаңғырту көзделіп отыр, – деді аудан әкімі.
Әулиеатада бұған қоса ауыз сумен қамту, әлеуметтік қорғау, инфра- құрылымдарды жаңарту, мәдениет, білім, спорт салаларында да жемісті жобалар жүзеге асырылыпты.
Бұдан кейін сұрақ-жауапқа кезек беріліп, тұрғындар тарапынан аулалаларды жарықтандыру, автобустардың бағыттарын ұзарту, жол белгілерін орнату, балабақша салу секілді әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді.
Әрбір сауалға мұқият назар аударған Бақытжан Әмірбекұлы барлық мәселе арнайы әзірленген Жол картасы аясында жоспарға сай шешілетінін жеткізді.
– Әулиеата ауданы – қарқынды дамып келе жатқан үлкен аумақтардың бірі. Сондықтан тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе біздің жіті назарымызда болады. Бүгін айтылған барлық ұсыныс-пікірлер мен сауалдар кезең-кезеңімен шешімін табады. Біз үшін ең маңыздысы – халықтың тұрмыс сапасын арттырып, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Қала тұрғындарының талап-тілегіне құлақ асып, бірлесе жұмыс істеу арқылы ғана Таразды одан әрі көркейтіп, дамытуға қол жеткіземіз, – деген шаһар басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.