Халық қаhармаманы Қайрат Рысқұлбековтың 60 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 40 жылдығына орай түндігін түрген волейболдан ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Тартысты өткен турнирде 8 команда бақ сынып, өзара шын мықтыны анықтады.
Жарыс жолына шыққан «Алматы-Желтоқсан» ҚБ, «Облыстық «Желтоқсан-86», «Облыстық мәслихат», «Тараз қалалық мәслихат» және Талас, Жамбыл, Жуалы, Сарысу аудандарының мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінен құралған командалар ақтық сынға дейін үзеңгілесіп, тек шешуші ойында дүлдүлдер дара шықты. Нәтижесінде бас жүлдені Алматы қаласынан келген желтоқсаншылар иеленсе, екінші орынға «Облыстық мәслихат» командасы табан тіреді. Ал үздік үштікті «Тараз қалалық мәслихат» құрамасы түйіндеді.
Жеке марапаттарға Зиятхан Бүрлібаев, Мұхтар Шайдаев, Баетов, Рустам Тұрғынбекұлы,Серікбек Дүрәліұлы сынды азаматтар ие болды.
Бұйыртса, мұндай турнир дәстүрге айналып, жылда өткізіледі деп күтілуде.
Бақ сынаған командалар ұйымдастырушы «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігіне шын алғыстарын білдіріп, жарыстың жоғары деңгейде өткенін айтуда.



Жаңыл Болат,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
«Конвергентті журналистика» мамандығының
2-курс студенті