№48 «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында «Дамытушы ортада тәрбиелеу мен білім беру компоненттерін интеграциялау» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Дамытушы ортаны тиімді ұйымдас- тыру және тәрбиелеу мен білім беру үдерісін өзара кіріктіруді мақсат еткен жиынды Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы Мектепке дейінгі білім беруді дамыту бөлімінің жетекшісі Гүлмира Сейтбекова ашып, шараның мақсаты мен маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Шара аясында «Нұршуақ» аллеясында ересек топ тәрбиешілері К.Айтымбетова мен М.Исакова «Табиғатты аялайық» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Балалар табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсініп, қоршаған ортаны қорғау, құстарға қамқорлық жасау, суды үнемдеу секілді экологиялық тәрбие бағытында өз ойларын ортаға салды. Танымдық тапсырмалар арқылы тәрбиеленушілердің ойлау қабілеті, тіл байлығы мен есте сақтау дағдылары дамытылды.
Семинар барысында қонақтар балабақшадағы дамытушы орталықтардың жұмысымен танысты. Атап айт- қанда, «Роботтар әлемі», «Нұршуақ Live», «Күміс тамшылар мекені», «Көлеңкелер патшалығы», «Теңіз дос- тарымен қызықты саяхат», «Қиялдағы ғаламшар», «Жас құтқарушылар мен құрылысшылар алаңы» кешендерінде балалардың шығармашылық, танымдық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыс- тар көрсетілді.
Ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиешілері Л.Джалалова мен А.Ержигитова «Арман қалашығы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіп, балалардың қала мен сәулет туралы түсініктерін кеңейтті. Тәрбиеленушілер өз қиялындағы әсем қаланы құрастырып, құрылыс материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар «Отбасы банк» депозиті арқылы қаржы жинақтаудың қарапайым түсініктерімен танысты.
Ал мектепалды «Көгершін» тобының педагогтары М.Бименова мен А.Серикова «Нұршуақ шеберханасы» тақырыбында шығармашылық бағыттағы жұмыстарын ұсынды.
Семинар аясында «Negesh» бағдарламасының тренері, педагогика ғылымдарының магистрі Г.Ыбраим бағдарлама мазмұнын таныстырып, тәжірибелік мағлұматтармен бөлісті.
Бөбекжайдың педагог-психологы А.Сейтқұлова «Шабыт-table» авторлық жұмысын таныстырып, оның баланың жан-жақты дамуына арналған көпфункционалды құрал екеніне тоқталды. Үстелдің бөлімдерінде ұлттық нақыштағы пазлдар, шығармашылық материалдар, су, кинетикалық құм, қарақұмық және түрлі-түсті тастар орналастырылған.
Семинар барысында тәрбиеленушілер ән шырқап, би билеп, үрмелі аспаптарда өнер көрсетті. Сонымен қатар педагог-психолог А.Сейтқұлова қатысушылармен «Бақыт өрнегі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, педагогтардың белсенділігін арттырды.
Семинар соңында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Қонақтар бөбекжай педагогтарының еңбегіне жоғары баға беріп, шараның мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар QR-код арқылы кері байланыс жасап, өз әсерлерімен бөлісті.
Жиынды қорытындылаған Мектепке дейінгі білім беруді дамыту бөлімінің жетекшісі Гүлмира Жолдасқызы семинардан алған әсерін бөлісіп, өзінің ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ шараны ұйымдастырған бөбекжай-бақша меңгерушісі Жанна Тоғанбаева мен барлық педагогтар арнайы сертификаттармен марапатталды.
Өңірлік деңгейде өткен бұл семинар педагогтардың кәсіби тәжірибе алмасуына, дамытушы ортаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және тәрбиелеу мен білім беру үдерісін кіріктірудің заманауи тәсілдерін насихаттауға зор ықпал етті.
Жұлдыз ИДИРИСОВА,
№48 «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының әдіскері.
Тараз қаласы