Жастар – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші, мемлекеттің стратегиялық дамуының басты тіректерінің бірі. Қай кезеңде де жастардың білімі мен білігі, белсенділігі мен бас- тамашылдығы қоғамның даму деңгейін айқындап келген. Сондықтан да бүгінгі таңда жастар саясатын жетілдіру, жас буынға жан-жақты қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, шығармашылық және рухани әлеуетін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр. Осы бағытта Жамбыл облысында жастардың сапалы білім алып, еңбекке араласуына, қоғамдық өмірге белсенді қатысуына, кәсіпкерлікпен айналысуына және бос уақытын тиімді өткізуіне кең көлемде жағдай жасалуда.
Бүгінде облыста 357 мыңнан астам, нақтырақ айтқанда 357 175 жас бар. Бұл облыс халқының 29,2 пайызын құрайды. Оның ішінде жастардың 42 пайызы немесе 150 118 жас қалада тұрса, 58 пайызы, яғни 207 057 жас ауылдық елді мекендерде тұрмыс кешуде. Бұл көрсеткіштер жастармен жүйелі әрі ауқымды жұмыс жүргізудің маңыздылығын көрсетеді.
Өңірде жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған 13 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 облыстық орталықта 18 қызметкер, 2 қалалық орталықта 36 қызметкер және 10 аудандық орталықта 369 қызметкер еңбек етуде. Жалпы саны 423 маман жастар саясатын жүзеге асыру бағытында қызмет атқарып келеді.
Жастардың шығармашылық белсенділігін дамыту және олардың бос уақытын тиімді ұйымдас- тыру мақсатында облыстағы 11 жастар ресурстық орталығы дербес ғимаратпен қамтылған. Сонымен қатар 7 коворкинг орталығы мен 63 жастар ұйымы жұмыс істеп, жас буынның түрлі бастамаларына қолдау танытуда.
Қазіргі таңда қоғам назарындағы маңызды мәселелердің бірі – NEET санатындағы жастардың үлесі. Жамбыл облысында ағымдағы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастар саны 9 585 адамды немесе 2,68 пайызды құрап отыр. Ал жастар жұмыссыз- дығы деңгейі 3,1 пайызды көрсетуде.
Жастарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері облыс бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2 894 жас тартылған. Атап айтқанда, жастар тәжірибесі арқылы – 46, ваканттық бос жұмыс орындарына – 2 008, тұрақты жұмысқа – 761, әлеуметтік және ақылы қоғамдық жұмыстарға 79 жас қамтылса, кәсіби онлайн оқуға 254 жас жіберілді. Сондай-ақ «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы 259 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуда.
Сонымен қатар облыс көлемінде 31 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған жалпы саны 2 310 жас қатысты. Бұл жастардың еңбек нарығына бейімделуіне және тұрақты табыс табуына үлкен мүмкіндік беруде.
Жастар ресурстық орталықтары тарапынан өңірде 192 адрестік жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде Тараз қаласында – 8, Байзақ ауданында – 7, Жамбыл ауданында – 7, Жуалы ауданында – 37, Меркі ауданында – 15, Сарысу ауданында – 7, Талас ауданында – 4, Мойынқұм ауданында – 32, Қордай ауданында – 20, Т.Рысқұлов ауданында – 27, Шу ауданында – 28 адрестік жұмыс- тар атқарылған.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде 2 563 NEET санатындағы жас анықталды. Оның ішінде 2 000 жас «Жасыл ел» еңбек жасақтарына, ал 563 жас қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады.
Жастарды мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру және кеңес беру мақсатында «JASTARGA-КЕNES» жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жоба аясында «Әулие- ата» тұрғын үй бағдарламасы, «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» секілді бағдарламалар бойынша түсіндіру және ақпараттық кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды. Жалпы саны 53 ақпараттық кеңес беру алаңы өткізіліп, оған 1 030 жас қамтылды. Оның ішінде облыстық орталықта – 1, Тараз қаласында – 5, Байзақ ауданында – 9, Талас ауданында – 1, Меркі ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 2, Жуалы ауданында – 18, Қордай ауданында – 2, Шу қаласында – 1, Мойынқұм ауданында – 11 алаң ұйымдастырылған.
Өңірде волонтерлік қозғалыс та қарқынды дамып келеді. Бүгінде облыста 13 волонтерлік ұйым мен 160 волонтерлік топ жұмыс істеуде. Олармен бірлесіп 1 429 іс-шара өткізіліп, 26 814 жас қамтылған. Бұл жастардың қоғамдық жауапкершілігін арттырып, қайырымдылық пен жанашырлық мәдение- тін қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.
«Жасыл ел» жобасына биыл 183,4 миллион теңге қарастырылып, 2 000 жасты қамту жоспарлануда. Бұл жоба жастарды еңбекке баулумен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да өз үлесін қосып келеді.
Ал тұрғын үй мәселесін шешу бағытында жүзеге асырылып жатқан «Әулиеата жастары» бағдарламасының нәтижесінде соңғы 4 жыл ішінде облыс көлемінде 415 жас баспаналы болды. Бұл – жастарға деген мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі.
Жамбыл облысында жастар саясатын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар өз жалғасын табуда. Облыс жастарының белсенділігін арттыру, қоғамдық жауапкершілігін қалыптастыру және олардың шығармашылық, мәдени, рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан ауқымды жобалар мен маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Соның ішінде Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында өңір көлемінде кең көлемді жұмыстар атқарылып келеді. Жыл басынан бері жалпы саны 488 іс-шара ұйымдастырылып, оған 11 800 жас қамтылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сенбіліктер, тазалық акциялары, ағаш отырғызу жұмыстары және қоршаған ортаны қорғауға арналған кездесулер жастар тарапынан үлкен қолдауға ие болуда.
Аталған бағыттағы белсенді еңбектері жоғары бағаланып, Астана қаласында өткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасының салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысының белсенді жастары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Алғыс хаттарына ие болды. Бұл – өңір жастарының қоғамдық жұмыстарға деген жауапкершілігі мен ел дамуына қосқан үлесінің айқын дәлелі.
Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, есірткі заттарын заңсыз жарнамалайтын граффити жазуларын өшіру жұмыстары жүргізілуде. Арнаулы орта оқу орындарында жастармен көптеген кездесулер өткізіліп, заң талаптары кеңінен түсіндірілуде. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың, ерте жүктіліктің, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында арнайы түсіндіру және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында да тағылымды бас- тамалар қолға алынған. Қазақ қыздарының қазақи болмысын насихаттау мақсатында «Әулиеата Аруы – 2026» облыстық қыздар байқауы ұйымдастырылып, облыс аудандарынан келген 15 ару бақ сынады. Байқау барысында қатысушылар ұлттық өнерді, салт-дәстүрді, қазақы тәрбиені дәріптеп, өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды.
Биыл қазақ халқының ұлы тұлғасы, ақын, айтыскер, абыз жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай шығармашыл жастарды қолдау мақсатында республикалық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Бұл рухани шара жас ақындардың шығармашылығын шыңдап, ұлттық әдебиет пен поэзияға деген қызығушылықты арттыруға зор мүмкіндік берді.
Алдағы уақытта да жастарға арналған маңызды жобалар өз жалғасын таппақ. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тарихи өлкені жастарға кеңінен насихаттау мақсатында «Әулиеата жауһарлары» атты тарихи-танымдық экспедиция өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар «BOLASHAQ JASTAR QUATY – 2026» атты жастар ресурстық орталықтарының мамандарына арналған бейресми оқыту лагері мен облыстық «Кәсіби маман – 2026» байқауын өткізу көзделуде.
Жастармен жүргізіліп жатқан мұндай кешенді жұмыстар олардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып қана қоймай, қоғамдағы белсенділігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ел дамуына үлес қосатын саналы ұрпақ тәрбиелеуге негіз болмақ. Жамбыл облысында жүзеге асырылып жатқан жастар саясаты – жас буынға жасалған нақты қолдау мен жарқын болашаққа бағытталған жүйелі қадамдардың айқын көрінісі.
Айбек Кадралиев,
Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар
ресурстық орталығы» КММ директоры