Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Нөмірін жасырып, жауапқа тартылды

0 60

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автожолында полицейлер мемлекеттік нөмірін қасақана жасырған жүк көлігінің жүргізушісін анықтады. Оқиға автожолдың Жуалы ауданы аумағындағы 553-шақырымында болған.
Көршілес мемлекеттің 23 жастағы азаматы басқарған Volvo маркалы жүк көлігін тоқтатқан полиция қызметкерлері оның жылдамдықты автоматты тіркеу жүйелерінен жалтару үшін мемлекеттік нөмірін тануға кедергі келтіретін арнайы құрылғылар орнатқаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот шешімімен құқық бұзушы бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті мемлекеттік нөмірлік белгілерді әдейі жасыру – заң талаптарын елемеу ғана емес, жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін әрекет екенін ескертеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.