Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

3,5 мың пышақ пен кастет тәркіленді

0 77

Аймақта «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық іс-шаралар мен рейдтік жұмыстарды өткізу барысында тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру және сақтау деректерін анықтап, жолын кесу шараларын тұрақты түрде жүргізуде. Нәтижесінде жамбылдық полицейлер жыл басынан бері 3,5 мыңға жуық пышақ пен кастет тәркіледі.
– Олар көбіне құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау құралына айналады. Әсіресе, адамдар көп жиналатын орындарда, түнгі уақытта және тұрмыстық жанжалдар кезінде қолданылуы мүмкін. Сондықтан қоғамдық орындардағы тексерулерге, профилактикалық жұмыстарға және жастар арасында түсіндіру шараларына ерекше назар аударылуда.
Осы ретте жазғы демалыс қарсаңында ата-аналар балалардың бос уақытын және жүріс-тұрысын қатаң бақылауға алуын сұранамыз. Олардың уақытты қалай өткізіп жүргеніне мән беріп, пышақ, кастет және өзге де тыйым салынған заттарды алып жүруіне жол бермеу қажет, – дейді тәртіп сақшылары.
Аталған шараның негізгі мақсаты – қайғылы жағдайлардың алдын алу және қару қолданылғанға дейін құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Өйткені тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау және алып жүру заң аясында қатаң жауапкершілікке әкеледі. Ал оларды қолдануға жасалған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.