Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпорындар мен ұйымдар референдумға белсене атсалысады

0 90
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһар аумағындағы ірі кәсіпорындардың, этно-мәдени бірлестіктердің, пәтер иелері кооперативі, мүлік иелері бірлестігінің, тасымалдаушы мекемелердің және ірі сауда орындарының басшыларымен кездесу өткізді.
Жиын барысында шаһар басшысы ағымдағы жылдың 15 наурызында өтетін республикалық референдум кемел келешекке жол ашатынын атап өтті. Сондай-ақ саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыру, тұрғындардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету және түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйым басшыларына еңбек ұжымдары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру, референдумның маңыздылығын кеңінен жеткізу, заң талаптарына сәйкес дауыс беру процесіне қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралды.
Мекеме-ұйым басшылары да өз кезегінде референдумды жоғары деңгейде өткізу, дауыс беру көрсеткішін арттыру бағытындағы жұмыстарға белсене атсалысатындарынын атап айтты.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.