Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тәуелсіздік пен тұтастық – мемлекеттің мызғымас негізі

0 87

Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайту – мемлекеттік деңгейде қатаң бақылауда болуды қажет ететін маңызы зор мәселе. Өйткені тұс-тұстан еліміздің азаттығына көз алартатындардың әрдайым табылатыны белгілі. Оған Қасіретті қаңтарда нақты көз жеткіздік. Сонымен қатар жер-жерде болып жатқан оқиғалар біздің елімізге де кері ықпалын тигізу қаупі күн өткен сайын күшейіп барады. Әрине, арам пиғылдылардың мақсаты аумақтық тұтастықты ыдырату, тәуелсіздігімізге теріс әсерін тигізу екені белгілі.

Әсіресе, солтүстіктегі көршіміздің бауырлас қоңсысына көрсетіп отырған құқайы, Таяу Шығыстағы бітіспес жауласудың мыңдаған адамның шығынына алып келген қақтығыстарға ұласып, шешімін таппауы, АҚШ-тың Венесуэла президентін «алып қашып», Канада мен Гренландияға көз салуы әлем елдерін әжептеуір алаңдатып отырғаны белгілі. Егер агрессорлар өз дегеніне жетіп, жаһандық ұйымдар оған көз жұма қараса, қалай болмақ?.. Осыдан келіп ел ішінде «Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетпес пе екен?» деген үрей басым.
АҚШ-тың Чикаго университетінде қызмет еткен ғалымдар әлем елдерінің қанқұмарлық, басқыншылық әрекеті жер жүзін жойып жіберуі мүмкін екенін 1947 жылдан бері айтып келе жатыр. Алапаттың қаншалықты жақын қалғанын «көрсету» үшін олар «Ақырзаман сағаты» аталатын шартты сағатты таныстырды. Ол ел алдына шығарылған жылы сағат тілі 23:53-ті көрсетіп тұрған еді. Яғни, заманақырға шартты түрде 7 минут қана қалған болатын. Өкініштісі сол, әлемдегі ахуалдың шиеленісе түсуіне байланысты бүгінге дейін сағат тілі жыл өткен сайын алға жылжып келеді. Ал биылғы қаңтарда уақыт «түн ортасына» тағы жақындай түсті. Осылайша қазір 00:00-ге дейін небары 85 секунд қана қалып отыр.
Сағаттың жұмысына жауапты «Атом ғалымдары бюллетені» (Bulletin of the Atomic Scientists) журналының бас директоры А.Беллдің айтуынша, 2025 жыл ішінде адамзат жаһандық, экзистенциялық қауіптерді азайту бағытында айтарлықтай ілгерілеу көрсете алмаған. Бұған дейін адамзат мұндай межеге ешқашан жақындамаған. Ғалымдардың бағалауынша, ядролық қатер, геосаяси тұрақсыздық, климаттың өзгеруі және жаңа технологиялармен байланысты тәуекелдер бір-бірімен қабаттасып, әлемдік қауіпсіздікті бұрын-соңды болмаған деңгейде әлсіретіп отыр.
Дәл осындай сын-қатерге толы шақта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздігімізді нығайта түсу жолында бар күш-жігерін салып еңбек ете беретінін нық мәлімдеді. Бұл туралы ол Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өткен V отырысында мәлімдеді.
«Әлемдегі ахуал тым шиеленісіп тұрғанына қарамастан, біз елімізде күрделі әрі түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырдық. 2022 жылғы конституциялық реформаға, одан кейін Атом электр станциясын салуға қатысты референдум кезінде халқымыздың басым көпшілігі мені қолдады. Мен әрбір шешімді елге қажеттігі тұрғысынан мұқият саралай отырып қабылдаймын. Азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты жұмыспен айналысу мен үшін бәрінен маңызды. Халықтың қамы, ұлттың, мемлекеттің мүддесі – мен үшін баға жетпес құндылық. Алдағы уақытта да елімізді дамытып, Тәуелсіздігімізді нығайта түсу жолында бар күш-жігерімді салып, еңбек ете беремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл пікірді еліміздің азаматтары нағыз патриоттың сөзі ретінде қабылдады. Өйткені Президент бастап, халық оны қостап тұрса, алынбайтын қамалдың болмайтыны сөзсіз.
Осы ретте Қ.Тоқаев Қазақстанның Президенті ретінде егемендіктің бағасы бәрінен қымбат екенін, еліміз баршаға түсінікті әділ саясат ұстанымын әрдайым сақтайтынын да қадап айтты.
«Қазақстан – жауапкершілігі жоғары «орта держава» және жер көлемі бойынша ислам әлеміндегі аса ірі мемлекет. Біз баршаға түсінікті, яғни ақылға қонымды және әділ саясатты жақтаймыз, осы ұстанымды әрдайым сақтаймыз. Сыртқы саясаттағы іс-әрекетіміздің бәрі бір ғана мақсатты көздейді. Ең бастысы, Қазақстанның жерінің тұтастығын, қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етуіміз керек. Қазақ мемлекетінің басшысы ретінде мен үшін тәуелсіздік – бәрінен қымбат! Бұл – мерейтой кезіндегі ұран емес, қазіргі дүрбелеңге толы заманда ұлттық стратегиямыздың негізгі қағидасы. Мен «Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, жалпыұлттық бірлік пен келісім» екенін үнемі айтып жүрмін», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ел бірлігін сақтап, өсіп-өркендеген, абырой-беделі жоғары әрі қуатты мемлекет құруды басты міндет ретінде санауы қажет екенін айтты.
Аталған мәселе жаңа Конституция жобасында да нақты көрініс тауып отыр. Оның басты ерекшеліктерінің бірі – Қазақстанның Егемендігі мен Тәуелсіздігі, унитарлығы және аумақтық тұтастығының мызғымастығы өзгермейтін құндылықтарға жатқызылды.
Бұл негізгі қағида Ата заң жобасының «Конституциялық құрылыс негіздері» атаулы бірінші бөлімінде көрініс тапты. Мұнда мемлекеттік басқару түрін нақтылау қажеттілігі туралы ой білдірген бірқатар ғалымдар мен мамандардың ұсынысы ескерілген. Осылайша Қазақстан Республикасы президенттік республика екені айқындалған.
Конституция жобасының новеллаларының бірі – Егемендіктің жалғыз иесі ретінде Қазақстан халқын бекіту нормасы. Бұдан басқа, «республикалық референдум» түсінігі «жалпыұлттық референдум» деп өзгертілген. Халық өз билігін тікелей жалпыұлттық референдум мен еркін сайлаулар, сондай-ақ мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асыратыны туралы норма айқындалған.
Жарияланған Конституция жобасы – қоғам тарапынан кең әрі қызу талқылаулардың, азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, құқықтанушылар мен сарапшылардың кең ауқымды пікірталастарының нәтижесі. Талқылауға бейжай қарамайтын азаматтар да қатысып, жалпы саны екі мыңнан асқан өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish пен eGov порталдары арқылы жіберген.
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді. Ол Қазақстанның қалыптасқан мемлекеттілігінің негіздерін қайта бекітумен бірге, «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына да толықтай сай. Конституция жобасында белгіленген ережелер мемлекет пен қоғамның жаңа эволюциялық кезеңін бастауға негіз қалайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ел егемендігін сақтап қалу жолында аянбай жұмыс істеу керектігіне де ерекше назар аудартып отыр. Бұл тұрғыда Президент Үкіметке ұлттық мүдделерді қорғауда белсенді әрекет етуін нақты тапсырды.
«Тағы бір өзекті мәселе – халықаралық шиеленістер жағдайында Қазақстанның стратегиялық экономикалық серіктестерімен тиімді өзара әрекеттестігі болып отыр. Біздің ұстанымымыз айдан анық: Қазақстан экономикалық интеграцияны қолдайды, бұл процеске белсенді қатысады, бірақ ол біздің мүдделерімізге әділ сипатта болуы керек. Қазақстан биыл Еуразиялық экономикалық одақтың төрағасы болады. Біздің басымдықтарымыздың бірі – еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектіні кеңінен енгізу.
Өзара мүдделердің әділ теңгерімін тауып, Қазақстанның ұстанымын шебер және дәлелді түрде қорғау керек. Осылай ғана еліміздің экономикасын халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ете аламыз» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында.
Расында, ХХІ ғасырдың басындағы әлем елдері картасына көз салған адам кез келген сәтте территориялық тұтастықтың бұзылуы мүмкін екеніне анық көз жеткізеді. Соңғы кездері әлемнің түрлі аймақтарында әртүрлі сипаттағы қақтығыстар бой көтере бастағанын көріп жүрміз. Біреулер қуатты державалардың ықпалымен қиғылық салса, кейбір өңірлерде ұлттар мен ұлыстардың өз тағдырын өзі шешуге ұмтылуы, тағы бір аймақтарда тұтас мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау үшін арпалысып жатқаны байқалады. Дүниенің өзге бөліктерін айтпағанның өзінде посткеңестік елдердің өзінде аумақтық тұтастықтың бірнеше мәрте бұзылғанына куә болдық. Әзербайжан, Молдова, Грузия, Украина мысалдары шекара мәселесін түбегейлі шешудің, көрші-қолаңмен арадағы жер дауын реттеудің қаншалықты маңызды екенін байқатады.
Мемлекеттің тұтастығын сақтау – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат елінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қадірлеуге тиіс. Әлемдік геосаяси ахуал күрделеніп тұрған жағдайда ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың мәні бұрынғыдан да арта түседі.
Қазақстан – біртұтас, тәуелсіз мемлекет. Оның шекарасы да, егемендігі де даусыз. Кез келген бөлінушілікке, мемлекетті ыдыратуға бағытталған әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Заң баршаға ортақ. Ал оның орындалуы – еліміздің келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.