Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жаңа Конституция жобасы: негізгі жаңашылдықтар талқыланды

0 42
Бүгін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек бөлім басшыларымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы жобасын талқылау мақсатында кездесу өткізді.
Онда заң жобасындағы басты жаңашылдықтар мен өзгерістер қарастырылып, олардың медициналық сала мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ықпалы талқыланды.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасының жариялануы – ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи және стратегиялық маңызы бар шешім. Бұл бастама қоғамның құқықтық санасын жаңғыртуға, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Басқарма басшысы заң жобасының тек құқықтық жаңғырту емес, сонымен қатар мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыруға, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталғанын ерекше атап өтті.
Бұл талқылау реформалық өзгерістерді түсіну және оларды жұмыс процесінде тиімді пайдалану үшін қажетті негіз қалыптастырды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.