Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жұқпалы аурулардың алдын алу маңызды

0 88

Тараз қаласындағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға, атап айтқанда қызылша ауруының өршуіне байланысты бірқатар ақпараттық-түсіндірме кездесулері ұйымдастырылуда.

Кездесулерге Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, сондай-ақ аумақтық жауапты емханалардың өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, «Almaz Medical Group», «Жаншуақ», «Садыхан», «ZhanUia», №2, 5, 7, 8 және №9 қалалық емханаларға қарасты мемлекеттік және жекеменшік мектептер мен балабақшалардың басшыларымен кездесулер өткізіліп, қызылша және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқосу барысында білім беру ұйымдарының басшыларына қаладағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы жан-жақты ақпарат беріліп, балалардың денсаулығын тұрақты бақылауда ұстау, ауру белгілері анықталған жағдайда оларды шұғыл түрде медициналық ұйымдарға жеткізу жөнінде тапсырмалар жүктелді.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.