Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Заң мен тәртіп» қағидаты туралы бейнебаян жарық көрді

0 44
Алматы облысында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған бейнебаян түсірілді. Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған туынды бір тәуліктің ішінде 1 миллионға жуық қаралым жинады.
Бейнебаянның негізгі идеясы — заң талаптарын мүлтіксіз орындау және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрметті нығайту. Авторлардың айтуынша, тәртіп әрбір азаматтың «заң — ең жоғары құндылық» деген ішкі сенімінен басталуға тиіс.
«Біз заңға бағыну — жоғары мәдениеттіліктің және отандастарыңа деген құрметтің белгісі екенін жеткізгіміз келеді. Бұл — өңіріміздегі қауіпсіз өмірдің іргетасы», — деп атап өтті облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.