Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Қоғаммен байланыс» акциясына 2 мыңнан астам тұрғын қамтылды

0 16

Жамбыл облысында халықпен кері байланысты нығайтуға және жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелерді жедел шешуге бағытталған кезекті «Қоғаммен байланыс» акциясы өткізілді.
Бір апта ішінде облыстың барлық аудандары мен қалаларында уәкілетті және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен азаматтарды қабылдау жүргізілді. Азаматтарды көшпелі форматта қабылдау барысында 2 мыңнан астам тұрғын қамтылды.
Заманауи QR-кері байланыс кодын пайдалану іс-шаралардың сапасын бағалауға ғана емес, сондай-ақ қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді жедел анықтап, оларды жергілікті жерде шешуге мүмкіндік берді.
800-ден астам азаматқа заңгерлік және өзге де бейінді көмек көрсетілді. Атап айтқанда, адвокаттардан, нотариустардан, сот орындаушыларынан, ХҚКО мамандарынан, сондай-ақ медицина және ауыл шаруашылығы салаларының мамандарынан консультациялар берілді.
Кешенді тәсіл 1,1 мыңнан астам азаматтың мүддесіне қатысты жүйелі мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Оның ішінде 132 азаматтың, үш кәсіпорын қызметкерлерінің және 15 кәсіпкердің өтініштері оң шешімін тапты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.