Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы мен Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеретін маңызды құжатқа – меморандумға қол қойды.
Бұл келісім кәсіби байланыстарды нығайтып қана қоймай, өңір медицинасына жаңа мүмкіндіктер ашатын ауқымды бастаманың бастауына айналды.
Меморандум аясында тараптар ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейтуге, мамандарды оқыту мен үздік клиникалық тәжірибелерді енгізуге, күрделі ауруларды диагностикалау және емдеу тәсілдерін жетілдіруге уағдаласты.
Келісім өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруға, жоғары технологиялық қызмет түрлерін дамытуға және мамандардың кәсіби әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, бұл өзара әріптестік алдағы уақытта Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге шығарып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын айтарлықтай жақсартпақ.
Алдыңғы