Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Өнер өлкесіндегі өнегелі жол»

0 168

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Қазақстанның халық артисі, ардагер журналист, мәдениет майталманы Асқарбек Сейілханның 75 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті.Шараға өнерсүйер қауым, БАҚ өкілдері, әріптестері мен шәкірттері қатысып, ортақ дастархан басында емес, ортақ рухани алаңда бас қосты.
Кеш барысында Асқарбек Сейілханның өмір жолы, өнердегі өрелі еңбегі, театрдағы жетістіктері мен сахнадағы жарқын бейнелері туралы кең көлемде сөз қозғалды.
Шығармашылық сұхбат кезінде мерейтой иесі театр әлеміне алғаш қадам басқан сәттерін, сахнадағы қызықты оқиғаларын айтып, жастарға жүрекжарды кеңестерін жеткізді.
Қонақтар да өз лебіздерін білдіріп, оның өнерге сіңірген еңбегін ерекше құрметпен атап өтті.
Бұл тағылымды кеш мәдениет саласындағы ұлы тұлғаларға деген құрметтің жарқын көрінісі болып, жастар үшін құнды рухани тәжірибе сыйлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.