Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Бала тағдырына бейжай қарамайтын білікті маман

0 192

Тараз қаласындағы 2-ПБ ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Эльмира Байниязова – өз ісіне адал, жоғары жауапкершілігімен және адам тағдырына жанашырлықпен қарай білетін кәсіби маман.

Ол 2025 жылғы республикалық слетте еліміздегі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ең үздік инспектор атанды. Соңғы бес жылда оның әкімшілік аумағында жасөспірімдер арасындағы қылмыс тіркелмеген. Бұл дегеніміз – жүйелі профилактикалық жұмыстың нақты нәтижесі екені сөзсіз.
Эльмира Рахатқызы педагогика, психология және құқық салаларын қатар меңгерген. Көпжылдық тәжірибесін ұштастыра отырып, жасөспірімдермен жұмыс істеудің тиімді әдістерін енгізіп келеді. Ол әріптестерімен тәжірибе алмасып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы семинарлар мен кездесулерде өзінің кәсіби тәсілдерін көпшілікке ұсынуда. Сонымен қатар ол «Қазіргі балалар психологиясы», «Бала дауысы», «Жасөспірімдер құқық бұзушылықтарының алдын алу», «Сервистік полицияға бір қадам» сынды еңбектердің де авторы. Бұл еңбектер қоғамда бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі мәселелерінде тәрбиелік бағыт-бағдар беруде өз үлесін қосып келеді.
Қорыта айтқанда, оның қызметі – мейірім мен жауапкершіліктің үйлесімі. Эльмира Байниязова жасөспірімдердің дұрыс жолды таңдауында және әр баланың болашағына сенім ұялатуда бар күш-жігерін аямайды.

Ботакөз Бақдәулетқызы,
Жамбыл облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.