Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Тараз қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-6 шешіміне толықтыру енгізу туралы

0 213

Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының

(кезектен тыс отыз үшінші сессия)

ШЕШІМІ

Тараз қаласы                                   №33-6                             2025 жылғы 31 қазан

Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Тараз қалалық «Тараз қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-6 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5254-08 болып тіркелген)  шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

  • тармақтың он бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

  «жалғызілікті жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, толық емес отбасыларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын, жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспағанда, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда.».

  1. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тараз қалалық

мәслихатының төрағасы                                          К.Олжабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.