Тараз қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының
(кезектен тыс отыз үшінші сессия)
ШЕШІМІ
Тараз қаласы №33-4 2025 жылғы 31 қазан
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Тараз қаласында арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Тараз қалалық
мәслихатының төрағасы К.Олжабай