Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысының мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік сала өкілдерімен Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша кездесу өткізді.
Жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев модераторлық жасап, өңірдің мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік саласында өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Келесі кезекте сөз алған Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының Әулиеата жеріне деген ыстық сәлемі мен зор ықыласын жеткізді.
– Тараз – тамыры тереңде жатқан көне шаһар. Тараз – тек бір ғана дәуірдің емес, еліміздің бірнеше дәуірі тоғысқан тарихи өлке. Әрине, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда Жамбыл облысы басқа өңірлермен салыстырғанда көш бастап келеді.
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын көтеруге, экономиканы, кәсіпкерлікті дамытуға байланытсы бірқатар мәселені көтерді. Бүгін де көрші елдерде болып жатқан геосаяси жағдайлар бізді алаңдатпай қаймайды. Сондықтанда Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер шалғайда орналасқан шекаралық аймақтардағы ауылдардың экономикасын оңалтып, инфрақұрылымын дамытып, жергілікті халықтың білім сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға оң ықбалын тигізеді деп сенеміз, – деді Мәлік Нұржанұлы.
Сондай-ақ басқосуда әр саланың өкілдері сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Өз кезегінде Ақорда өкілі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен әрбір тілек-өтінішті Мемлекет басшысына жеткізетінін айтты.
Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ