Қалалық қоғамдық-саяси газет

Туризмді дамыту мәселесіне тың серпін

0 2  506

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыстағы туризм саласын түрлендіру жайында баян етті.

– Жамбыл өңірінің ерекшеліктерінің бірі – ЮНЕСКО тізіміне енгізілген табиғаты бай көптеген тарихи орындар. Яғни, облыста туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар.

2022 жылы Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнер қалаларының тізіміне еніп, Қазақстанның Тұңғыш қолөнер қаласы мәртебесін алды.

Қазіргі уақытта туризм саласында 15,9 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобаларды іске асыру 200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 3 жоба пайдалануға берілді: Жамбыл ауданындағы «Алмалы» демалыс орталығы, Жуалы ауданындағы «Koksai resort» демалыс аймағы және Тараздағы «Зербұлақ» аквапаркі.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 40,8 мың турист келіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туристер саны 31% – ға өсті. Оның ішінде 545-і шетелдіктер, еліміздің басқа өңірлерінен 40,3 мың турист.

2024 жыл Қытайдағы қазақстандық туризм жылы болып жарияланғаны белгілі. 2024 жылғы 29 наурызда Қытай астанасы Бейжіңде туризм жылының ресми ашылу салтанатында облыстың туристік әлеуетінің тұсаукесері өтті.

Алдағы уақытта Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында тақырыптық апта өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, туристер санын 150 мыңға, төсек – орын санын 7 мыңға жеткізу, 50 жаңа жұмыс орнын құру міндеті тұр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, – деді Е.Қарашөкеев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.