Қалалық қоғамдық-саяси газет

Денсаулық сақтау саласына – айрықша назар

0 1  240

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Өз сөзінде Ербол Шырақпайұлы облыстағы денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– 2024 жылы денсаулық сақтау ұйымдарының тозуын 40,3%-дан 36,5%-ға дейін төмендету үшін 6,8 млрд.теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде – 2,6 млрд. теңгеге 20 нысан.

Бүгінде, Жамбыл ауданы, Қостөбе ауылында медициналық пункт, Тұрар Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында фельдшерлік-дәрігерлік пункт, Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз ауылында дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 16 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, 1,6 млрд.теңгеге 4 нысанға күрделі жөндеу жүргізілуде.

4,7 млрд. теңгеге 38 санитариялық автомобиль және медициналық жабдық сатып алу жоспарлануда.

Нәтижесінде, медициналық жабдықтармен жабдықталу деңгейі 96,7%-ға жетеді (2023 ж. – 91,9%).

Халықты сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 3 ауданда (Байзақ, Қордай, Жуалы) орталық ауруханалар салу және 3 ауданда көп бейінді ауданаралық ауруханаларды қайта жаңғырту жобаларының құжаттары әзірленуде, – деді аймақ басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.