Қалалық қоғамдық-саяси газет

Білім беру саласын дамыту – бірініші кезекті мәселе

0 1  191

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтуде. Брифингте аймақ басшысы білім саласын дамыту жұмыстарының барысымен таныстырды.

– Жыл басынан 7 білім нысаны енгізілді. Биыл 19 білім беру нысаны салынады деп күтілуде. Нәтижесінде, оқушы орын тапшылығы бар 9 мектеп, 4 үш ауысымды, 3 ескірген, 2 апатты мектеп проблемалары шешілетін болады.

Ағымдағы жылы 10 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд.теңге бөлінді.

Мемлекеттік білім беру ұйымдары бейнебақылаумен 82,9%-ға, дабыл түймелерімен 100%-ға, турникеттермен жабдықтау 85,5%-ға, мамандандырылған күзетпен қамтамасыз ету – 83,7%-ға қамтамасыз етілді. Біз жыл сайын оқушылардың қауіпсіздігіне қаржы бөліп отырмыз.

1 – 4 сыныптағы 67 мыңнан астам оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 5,6 млрд.теңге қарастырылған.

Қосымша 1 – 11 сыныптағы 47 мыңға жуық аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтуға 3,9 млрд теңге бөлінді.

Биыл облыстың білім саласына бөлінген қаржы көлемі 319,2 млрд теңгені құрады, – деді облыс әкімі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.