Қалалық қоғамдық-саяси газет

Апат айтып келмейді

0 444

Елімізде орын алып жатқан жағдай жанға батып тұрғаны рас. Мұндай жағдай ауа райы өзгеруі салдарынан әрбір елде орын алуы мүмкін жағдай деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл тұста алдын алу шаралары қанша жерден жүйелі, мықты болсада апат орын алған жағдай да ауыздықтау әсте оңай емес. Дегенмен ендігі амал бір ел болып жұмылып, Отанымыз Қазақстанның ортақ халқы ретінде жапашеккендерге көп болып көмек беру. Себебі, бірлік бекем болған да ғана тірлік көркем болары сөзсіз. Сын сағатта беріктігіміз бен ынтымақтастығымыздың көрінісі айқындалады. Күні кешеден бастап өзіміздің өңірдегі Достық үйінде гуманитарлық әлеуметтік көмекке арналған пунк жұмыс істеп жатыр. Жамбылдағы ағайын қолындағы барын апарып көптеп көмек көрсетуде. Осылай біріксек біз алмайтын қамал жоқ деп білемін.

Абдурахман Зайнутдинов,
Тараз қалалық өзбек этномәдени
бірлестігінің төрағасы
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.